Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда «Күмәнді пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Павлодар облысында полицейлер 300-ге жуық күмәнді пәтерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын жалғыз тұратын азаматтардың пәтерлерінде жасалатын құқық бұзушылықтардың, ауыр және аса ауыр қылмыстардың уақтылы алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздестіруді жандандыру мақсатында Павлодар облысының аумағында 29 қаңтар мен 7 ақпан аралығында «Күмәнді пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Шара қылмыстық ахуалды жақсартуға, құқыққа қарсы іс-әрекеттермен айналысатын адамдарды анықтауға, күдікті азаматтарды анықтауға бағытталған. Барлық тұлғалармен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Учаскелік полиция инспекторлары осы жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде тұрғылықты жері бойынша есепке алынған 4481 адамды тексерді, бұдан басқа, құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауға бейім мыңнан астам азаматты анықтады және есепке қойды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Полиция қызметкерлері шара барысында түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1460-тан астам құқық бұзушының жауапқа тартылғанын, олардың 513-і алкоголь ішкені, 190-ы тыныштықты бұзғаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларына тиісті тәрбие бермегені үшін 29 ата-ана жауапқа тартылғанын атап өтті.

Қабылдау-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 19 адам орналастырылды.

Мысалы, 2020 жылғы 26 қарашада Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін қала тұрғынын ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ер адамның мінез-құлқына үш ай мерзімге арнайы талаптар қойылып, оған алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.

Алайда «Күмәнді пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері аталған ер адамның алкогольдік ішімдіктер ішкенін анықтады. Азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігі (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру