Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мал жаю ережесін бұзған тұрғын жазаланды

Павлодарда мал жаю ережесін бұзған тұрғын жазаланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар ауданының полиция бөліміне Чернорецк – Успенка автожолында бақташысыз жайылып жүрген жылқылар көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіретіні туралы хабарлама келіп түсті.

– Тексеру барысында полицейлер осы малдың иесін анықтады. Ол ауылда тұратын шаруа қожалығының бірінің басшысы екені белгілі болды. Мал иесіне қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, – деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Биылғы жылы осындай бұзушылық үшін Павлодар облысының 3367 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияның хабарлауынша, иесіз қаңғыбас мал жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ қылмыстық әрекеттердің объектісіне айналуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) онда 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру