Павлодарда мас ер адам автобус салонында ұйықтап қалған
Павлодарда мас ер адам автобус салонында ұйықтап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын қалалық автобустың жүргізушісі Павлодар полициясына қоңырау шалып, салонда мас адам ұйықтап жатқанын айтты. Мұндай ерекше жолаушыны ояту мүмкін болмады – ол жай ғана күңкілдеп, ешқайда асықпады. Ал жүргізуші тағы да маршрутқа шығуы керек болды.
Полиция бірнеше минут ішінде автобус тұрған жерге келді. Олар ақыры мас ер адамды тәтті ұйқысынан оятып алды.
– Мас ер адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл қоғамдық орындарда ішімдік ішкені немесе мас күйде балғандары үшін өңірдің 1550-ден астам тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.