Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде көлік құралын тізгіндегенін көрсетті. Сонымен қатар жүргізуші екі жыл бұрын 2027 жылға дейін көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

 – Жүргізуші 2031 жылға дейін жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, олардың тәртібі сотта қаралады, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ертіс өңірінің полицейлері мас күйінде көлік құралдарын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер көлік құралдарын мас күйінде жүргізуді жалғастыруда, осылайша олардың өміріне, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.

Осы жылдың басынан бастап мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру