Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген азаматтар ұсталды

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция "Заң мен тәртіп" шеңберінің аясында жұмысты жалғастырып, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыруда.

Мәселен Павлодар – Шарбакты – РФ шекарасы автожолында, Жетекші ауылының маңында полиция қызметкерлері ВАЗ-21063 көлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісінің өз-өзін ұстауы күдік тудырған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның бұған дейін жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласында, М. Жүсіп көшесіндегі үйдің жанында Lada Granta автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде көлік басқарғанын растады. Құжаттарды тексеру кезінде оның да бұрын жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылғаны, яғни 2029 жылдың сәуір айына дейін көлік жүргізуге тыйым салынғаны анықталды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды. Аталған деректер бойынша тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

"Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Заңға құрмет және тәртіп ең алдымен әр азаматтан басталады. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – облыстағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды үлес болып табылады.

Айта кету керек, Павлодар облысы аумағында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы 23 қарашаға дейін жалғасады. Егер құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, "102" нөміріне хабарлаңыз немесе "Заң мен тәртіп" мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру