Павлодарда мас жүргізуші жауапкершіліктен қашу үшін жолаушымен орнын ауыстырды
Павлодарда мас жүргізуші жауапкершіліктен қашу үшін жолаушымен орнын ауыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Назарбаев көшесі 31/1 бойынша патрульдеу барысында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзған Toyota Noah автокөлігін тоқтатты. Полицейлерді көргенде жүргізуші жолаушымен орнын ауыстырып, полиция қызметкерлерін осы көліктің жолаушысы екеніне сендіруден артық ештеңе ойлап тапқан жоқ.
Әрине полиция оның актерлік өнерін бағаламады. Сонымен қатар медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған.
Құқық қорғау органдары алаяқты мас күйінде көлік жүргізу бойынша жауапқа тартты. Сот оған 15 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындады және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.