Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында өтіп жатқан "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғау органдары аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматын анықтап, қолға түсірді. Күдікті өңірдегі өнеркәсіптік нысандардың бірінде ұсталды.

Қазіргі таңда аталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оны іздестіруге бастамашы болған мемлекетке экстрадициялау рәсімдері жүргізілуде.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру нәтижесінде үш күн ішінде 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 175-і – шетел азаматтары, 87-сі – Қазақстан азаматтары. Сонымен қатар 13 шетелдік ел аумағынан шығарылды, ал 5 іс азаматтық сот өндірісі тәртібімен қарауға жолданды.

Полиция қызметкерлері мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру