Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Павлодар облысында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 35 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13-15 қаңтар аралығында Павлодар облысының аумағында «Мигрант»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның алғашқы күні Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 35 азаматты, оның ішінде 18 шетел азаматын  және  Қазақстан Республикасының 17 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шетелдіктердің елімізде белгіленген болу ережелерін сақтауын қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК – нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстан Республикасының 16 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов.

Ертіс ауданының полиция қызметкерлері заңсыз  жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады, ол оған еңбек шартын ресімдемеген адамның жұмысын істеп жүрген. Аталған құқық бұзушылық бойынша жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру