Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Павлодарлық полицейлер "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1-5 ақпан аралығында ел аумағында "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері көші-қон саласындағы заңнама талаптарын сақтау және облыс аумағына келген шетелдіктер туралы ішкі істер органдарын хабардар ету туралы қонақ үйлердің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- Шара шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тиісті есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету, шетелдіктердің елде болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында өткізіледі, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру