Павлодарда «Назар аударыңыз, алаяқ!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Павлодарда «Назар аударыңыз, алаяқ!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында тіркелетін қылмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі – алаяқтықпен байланысты. Олардың әрқайсысы бойынша алаяқтық қылмысы – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Павлодар қаласының аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында 17-19 мамыр аралығында «Назар аударыңыз, алаяқ!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері еріктілермен және полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп, алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру және жадынамалар тарату арқылы ұйымдарды, мектептерді, медициналық мекемелерді аралауда.
Полиция қызметкерлері тағы да азаматтарды мұқият болуға және ақша аударуды сұрайтын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Мүмкіндігінше егде жастағы туыстарымен алаяқтық тақырыбында әңгімелесу керектігін айтты.