Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда "Назар аударыңыз – балалар!" акциясы аясында мектеп автобустарына тексеріс жүргізілді

Павлодарда "Назар аударыңыз – балалар!" акциясы аясында мектеп автобустарына тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Назар аударыңыз – балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарды тасымалдайтын көліктерге техникалық тексеру жүргізді.

Бақылау барысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуы, мектеп автобустарының техникалық жарақтандырылуы, қауіпсіздік құралдарының болуы және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті жағдайлар басты назарға алынды. Мектеп оқушыларының білім беру мекемелеріне баруы мен қайту жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді тексерістер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында мектеп аумақтары мен білім беру мекемелерінің жанында орналасқан жол белгілері де қаралды. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің, ескерту белгілерінің және қоршаулардың жағдайына ерекше мән берілді.

Полиция жүргізушілерді мектептер мен балалар мекемелерінің маңында барынша сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру