Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті

Павлодарда оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданының Заря мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін Павлодар аудандық полиция бөлімі ұйымдастырған экскурсия барысында жасөспірімдер тәртіп сақшыларының қызметімен танысып, құқық қорғау органдарына деген сенімдерін нығайтты.

Экскурсия барысында оқушылар кезекші бөлімнің тәулік бойы жұмыс істейтінін, оның азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдау қызметін атқаратынын білді. Криминалист Қанат Қашенов оқиға орындарынан іздер алу үшін қажетті құралдармен жабдықталған арнайы чемоданмен таныстырып, балаларға саусақ іздерін алу әдісін көрсетті.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлан Нұртаев оқушыларға полиция қызметкерлерінің қолданатын қару-жарақтары мен арнайы құралдарын таныстырып, оларды қолдану әдістерін түсіндірді. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Биканов пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі аға инспектор Арина Мусина жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, қылмыстың құрбаны болмау жолдарын көрсетті.

Кадр саясаты бөлімі бастығының орынбасары Берік Истаев оқушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптарын түсіндіріп, полиция қызметіне қызығушылық танытқан жастарды ынталандырды.

Экскурсия барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, полиция қызметкерлерінен толық жауаптар алды. Іс-шара соңында оқушылар полиция қызметкерлеріне қызықты және пайдалы экскурсия үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру