Павлодарда отбасылық жанжалқой қоғамдық жұмысқа тартылды
Павлодарда отбасылық жанжалқой қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының тұрғыны үйінде алкогольдік мас күйде жанжал шығарып, анасын балағаттап, отбасының тыныштығын бұзған. Бұзақыға қатысты материал жасақталып, сотқа жолданды. Сотта тұрғынның мұндай әрекеті құрметсіздік пен отбасы тыныштығын бұзу деп бағаланып, ол қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына кесілді.
Заңға сәйкес, қоғамдық жұмыстар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Мұндай жұмыстарды негізгі қызметтен тыс уақытта атқарады, ол үшін ақы төленбейді және жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен өткізіледі.
Еске сала кетейік, павлодарлық полицейлер "Учаске" жедел профилактиқалық іс-шарасы барысында қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады. "Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді.