Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда отбасылық жанжалқор 10 күнге қамауға алынды

Павлодарда отбасылық жанжалқор 10 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Железин ауданының полициясына 30 жастағы ауыл тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, бірге тұратын 38 жастағы азаматтық күйеуі мас күйде жанжал шығарған. Арызданушыға дене жарақатын салып, қорқытқан.

Ер адам учаскелік полиция пунктіне жеткізілді, алайда ол жат қылық көрсете отырып, дөрекі сөздер айта бастаған. Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.

– Нәтижесінде, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, сондай-ақ отбасындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлімі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, – деп хабарлады Железин ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Мұқанов.

Аудандық соттың қаулысымен Железинка ауылының 38 жастағы тұрғыны құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру