Павлодарда отбасылық жанжалқорлар қамауға алынды
Павлодарда отбасылық жанжалқорлар қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Тұрмыс» алдын алу іс-шарасы шеңберінде Оңтүстік полиция бөлімінің полицейлері тұрғылықты жері бойынша полицияда есепте тұрған адамдарды, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарды тексереді, қорғау ұйғарымдарын береді.
Мәселен, Павлодар қаласында тұрғылықты жерін тексеру барысында учаскелік полиция инспекторы Мұрат Қожекенов 66 жастағы Павлодар тұрғынының тарапынан бұзушылық фактісін анықтады. Мас болған ер адам дөрекі сөйлеп, әпкесіне жанжал шығарды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді.
Айта кету керек, бұл азаматтың отбасылық-тұрмыстық салада жасаған құқық бұзушылығының алғашқы фактісі емес, бұған дейін ол ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жағдайда сот барлық дәлелдерді ескере отырып, ер адамға мінез-құлыққа ерекше талап қойып, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға үш айға тыйым сала отырып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.
– Басқа жағдайда, Шымкент көшесіндегі үйде ер адам жанжал шығарған. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот тәртіп бұзушыға қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза шығарды, өйткені өткен жылдың қараша айында жұбайы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полицияның өтініші бойынша сот оның мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талаптар қойды, – деп атап өтті Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Тілеулин.