Павлодарда өзен вокзалындағы тас ескерткішіне соғылған жүргізуші ауруханаға жеткізілді
Павлодарда өзен вокзалындағы тас ескерткішіне соғылған жүргізуші ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында 7 қаңтарда сағат 02.50-де Mercedes автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі өзен вокзалындағы тас ескерткішіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.