Павлодарда ПБ бастығы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады
Павлодарда ПБ бастығы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін кешкі саптық жиында Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған патрульдік полиция батальонының жеке құрамын кәсіби мерекемен құттықтады.
- Қызмет — бұл мықтылардың таңдауы. Қоғам игілігі үшін атқарып жүрген күнделікті еңбектеріңіз бен адал борыштарыңыз үшін алғыс айтамын! - деді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.