Павлодарда ПД бастығы ювеналды полицейлермен жұмыс кездесуін өткізді
Павлодарда ПД бастығы ювеналды полицейлермен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығы Василий Скляр облыстың ювеналды полиция қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
– Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мемлекет басшысымен негізгі бағыттар ретінде айқындалған. «Заң және тәртіп» қағидаты қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси нұсқаулығына айналуға тиіс. Қалыптасқан жағдай құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне: көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелеске, ұрлық пен кісі өлтіруге дейін бітіспес қатынасты талап етеді, – деді Василий Скляр жиналғандарға.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жай-күйі жасөспірімдер ортасындағы криминогендік жағдай Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі бүкіл полиция қызметінің тиімділігінің негізгі индикаторы болып айқындалды.Талқылау барысында кездесуге қатысушылар негізгі проблемалық мәселелерді анықтады.
Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі кадр мәселесі болып қала береді, оны шешу үшін бірқатар шешімдер қабылданды. Қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды.
– Ең алдымен, басқа мүдделі органдармен және жұртшылықпен бірлесіп профилактикалық жұмысты күшейту қажет. Берекесіз отбасылар бойынша, полицияда есепте тұрған адамдармен рейдтік алдын алу іс-шараларын жүргізу керек. Білім беру мекемелерінде түрлі акциялар, стандартты емес әдістерді қолдана отырып, құқықтық тақырыптағы іс-шаралар өткізу, құқықтық түсіндірме бейнероликтер көрсету практикасын жалғастыру. Сондай-ақ ата-аналармен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек, – деді генерал.
Айта кетейік, осы жылы өңір аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 25 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ға төмен.