Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда пенитенциарлық жүйедегі қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды

Павлодарда пенитенциарлық жүйедегі қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту аясында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларының орынбасарлары, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері, "Антарес А" қоғамдық қорының өкілдері, психикалық денсаулық орталығы мен АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары, сондай-ақ адвокаттар мен заңгерлер қатысты.

Ашық әрі сындарлы диалог форматында өткен кездесуде жазаны өтеу барысында туындайтын өзекті мәселелер, сотталғандар арасында қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары, сондай-ақ оларды әлеуметтік бейімдеу және бостандыққа босатуға дайындау тетіктері жан-жақты талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіру тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру