Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер 300-ден астам түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодардағы патрульдік полиция батальонының полицейлері тәулігіне 350 құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын ППБ қызметінің инспекторлары қызметке тәулік бойы келіп, облыс орталығының көшелерін бақылайды.

– Олар тек өткен тәуліктің ішінде 350 түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 50 жүргізуші жылдамдық режимінен асып кеткен, 35 жаяу жүргіншілерге жол бермеді, ал 29 жаяу жүргінші орынсыз жерден өтті, 24-і ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болды, 18-і абаттандыру ережелерін бұзды, 6-ы ұсақ бұзақылық жасады, тағы 6-ы шу шығарды, олар белгіленген уақытта азаматтардың демалуына кедергі келтірді, – деді Павлодар қ.ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Максим Қостанов.

Полиция азаматтардан заң нормаларын сақтауды және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзбауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру