Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер балалар арасында патриоттық байқау өткізді

Павлодарда полицейлер балалар арасында патриоттық байқау өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және жас ұрпақты патриоттық, рухани-адамгершілік рухта тәрбиелеу мақсатында Ертіс ауданының полиция қызметкерлері өз әріптестерінің балалары арасында шығармашылық байқау ұйымдастырды.

 

Сайыс сурет, қолөнер және әскери костюм аталымдары бойынша өтті. Балаларға Жеңіс тақырыбында сурет салып, 1941-1945 жылдардағы соғысқа арналған қолөнер бұйымдарын жасау ұсынылды. Аталмыш байқауға 6-15 жас аралығындағы 13 бала қатысты.

Жас шеберлер өз жұмыстарында бояу, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер, картон мен түрлі қағаз түрлерін пайдаланып, соғыс жылдарының рухын жеткізуге тырысты.

Қазылар алқасының құрамына Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы Төлеген Алпысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Жаналин және көші-қон қызметінің аға инспекторы Бақыт Ермекпаева енді.

Қазылар алқасы үшін ең үздік суретті, костюмді және қолөнер бұйымын анықтау оңайға соқпады. Ұзақ талқылаудан соң олар байқау жеңімпаздарын айқындады.

"1941-1945 жылдар кезеңіндегі әскери костюм" аталымында:
— І орынды – Булат Рауан,
— ІІ орынды – Елмұратов Әмірхан,
— ІІІ орынды – Бақтыбаев Самир иеленді.

"Жеңіс күні – балалар көзімен" атты сурет байқауында 6 бала үздік деп танылып, барлығына сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді.

Сонымен қатарvөз қолымен жасаған қолөнер туындылары үшін 8 қатысушыға бағалы сыйлықтар берілді.

— Біз барлық қатысушыларға жүрекжарды алғысымызды білдіреміз. Балаларымыздың мағыналы, әсерлі еңбектері бізді тәнті етті. Мұндай байқаулар өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың бойында бейбітшілік пен еркіндіктің құндылығын сіңіруге және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға зор ықпал етеді, – деп атап өтті Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру