Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер балаларға патрульдік машиналар сыйлады

Ақсу қаласында полиция қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлаған мейірімді және есте қаларлық акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталған металл патрульдік ойыншық машиналар тарту етілді. Бұл тосынсый кішкентайлардың жүзінде қуаныш пен шаттық сыйлады.

– Ең алдымен біз ерекше балалар мен қуанышқа зәру бүлдіршіндерді қуантуға тырыстық. Мұндай сыйлықтар арқылы балабақша тәрбиеленушілерінің полиция қызметіне деген сенімін арттырып, мамандыққа деген қызығушылығын оятқымыз келеді, – дейді Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Балалар патрульдік көліктердің жыпылықтайтын шамдары мен сиреналарын қуана қосып, өздерін нағыз полицейдей сезінді. Балабақша басшылығы тәртіп сақшыларына осындай жылы көңіл мен қамқорлық үшін алғыс білдірді.

Мұндай игі шаралар – тек қуаныш сыйлау емес, сонымен қатар тәрбиелік және профилактикалық маңызы зор іс-шара. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бала заң мен тәртіптің мәнін ерте түсінсе, оның болашағы соғұрлым қауіпсіз әрі саналы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру