Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер бір күн ішінде бірнеше құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодарда полицейлер бір күн ішінде 600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер тәулік ішінде 600-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды.

Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 81 дерегі, көші-қон заңнамасын бұзудың 11 дерегі тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішуге қатысты 74 құқық бұзушылық, ұсақ бұзақылық жасаған 9 азаматтың әрекеті әшкереленді. Мас күйінде көлік басқарған 8 жүргізуші ұсталып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 3 жүргізушінің әрекетінің жолы кесілді. Сондай-ақ 125 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Мәселен, Павлодар қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Қамзин көшесінде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты.

Басқа бір жағдайда тәртіп сақшылары Жібек Жолы мен Ломов көшелерінің қиылысында құжат тексеру кезінде Sonlink скутерінің жүргізушісінің күмәнді мінез-құлқына назар аударды.

Полиция департаменті атап өткендей, "Заң және тәртіпә қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізін құрап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру