Павлодарда полицейлер "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығына орай спорттық жарыс ұйымдастырды
Павлодарда полицейлер "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығына орай спорттық жарыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған салтанатты спорттық іс-шара өтті. Жарысқа облыстық полиция департаментінің 50-ден астам қызметкері қатысты.
Орталық жағалауды бойлай ұйымдастырылған бұл спорттық шара – полицейлердің салауатты өмір салтын ұстануға және кәсіби даярлықты шыңдауға деген ұмтылысының көрінісі болды. Қатысушылар спорт арқылы бірлік пен командалық рухты паш етіп, белсенділік танытты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – құқық қорғау органдары арасында дене дайындығын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық сезімді күшейту және жастарға үлгі көрсету.
"Динамо" қоғамы – бір ғасыр бойы күштік құрылым қызметкерлерінің басын біріктіріп, спорт арқылы тәртіп пен ерік-жігерді қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан бірегей ұйым. Оның тарихы – елге қызмет етудің, спортты құрметтеудің және дене тәрбиесін насихаттаудың айқын айғағы.
Іс-шара мерейтойға арналған кең көлемді акциялардың бір бөлігі ретінде өтті және қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Мұндай бастамалар қоғамдағы спорттық құндылықтар мен қызметтік рухты нығайта түседі.