Павлодарда полицейлер кішкентай тұрғындарға жол ережесін түсіндірді
Павлодар облысы ПД қызметкерлері Павлодар қаласындағы №43 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалармен жолда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде өзін дұрыс ұстау алгоритмі түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер оқушыларға қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелерін еске салып, жолдан өту кезінде құлаққаптар мен гаджеттерді пайдаланудың қауіпті екенін, сондай-ақ жол жиегіне жақын жерде қар төбешіктерінен сырғанауға болмайтынын түсіндірді.
Әңгіме барысында тәртіп сақшылары жол белгілері мен жол қозғалысы ережелері бойынша жұмбақтар жасырды. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің жол ережесі бойынша білімдерімен бөлісті. Балалар қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін және жол бойымен қозғалу кезінде қандай сақтық шараларын сақтау қажеттігін қайталады.
– Біздің басты басымдығымыз – балалардың қауіпсіздігі. Мұндай іс-шаралар жас жол қозғалысына қатысушылардың жолдағы мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, барлық қатысушы үшін қауіпсіз орта құруға ықпал етеді, – деп атап өтті полиция өкілдері.
Кездесу соңында педагогтар мен жас жол қозғалысына қатысушылар полиция қызметкерлеріне мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға уәде берді.
