Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер колледж студенттерімен кездесті

Павлодар облысында полицейлер Қазтұтынуодағы Павлодар Жоғары экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, полиция жұмысымен кеңірек танысу және полиция қызметіне қызығушылықты арттыру мақсатында жоба шеңберінде ұйымдастырылды.

Экскурсия жастар үшін тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуға және осы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік болды.

Қонақтар үшін алғашқы аялдама облыстық полиция ведомствосының мұражайы болды, онда студенттер полицияның құрылу тарихы мен ведомствоның жетістіктері туралы білді.

Экспонаттар жас келушілердің назарын аударды және талқылауға жақсы себеп болды. Мұражай инспекторы Адия Байтақова полиция тарихы беттерінде қызықты экскурсия өткізді.

Ең қызықты сәттердің бірі жас тергеушілерге арналған криминалистика зертханасы мен оқыту полигонына бару болды. Мұнда қонақтарға тергеу басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға тергеушісі Гүлнұр Смағұлова дәлелдемелерді талдаудың заманауи әдістері арқылы сараптамалар, оқиға болған жерді тексеру және қылмыстар қалай ашылатынын көрсетіп, айтып берді.

Кадр қызметінің қызметкерлері студенттерді ҚР ІІМ оқу орындарына түсу тәртібі туралы хабардар етті.

ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, ІІО-да сотқа дейінгі тергеу, ІІО-ның жедел-криминалистикалық қызметі мамандықтары бойынша құқық қорғау қызметі бойынша оқытады. Оқытудағы артықшылықтар –  мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту, абаттандырылған жатақханада тұру, шәкіртақы алу, тамақпен, заттай, киіммен қамтамасыз ету.

Күндізгі оқу нысаны бойынша толық курсты аяқтағандар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге, бөлуге сәйкес қызмет өткеру жолдамасымен түлектерді жұмысқа орналастыруға теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге “құқық қорғау қызметінің бакалавры” біліктілігі берілген белгіленген үлгідегі диплом беріледі және ішкі істер министрінің бұйрығымен “полиция лейтенанты” арнайы атағы беріледі.

– Мен осы кездесуден көптеген жаңа әсерлер алдым, полиция қызметкерлерінен олардың қызметі туралы көптеген қызықты нәрселерді білдім. Маған экскурсия өте ұнады. Болашақта мен өз тағдырымды полициямен байланыстыруды жоспарлап отырмын, тергеуші болғым келеді, қылмыстық істерді тергеп, азаматтарға көмектесіп, қорғағым келеді, – дейді студент Марина.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, буклеттер мен кадр қызметінің байланыс нөмірлерін таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру