Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген 21 жүргізушіні анықтады

Павлодарда полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген 21 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция облыс жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Аймақ аумағында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында “Қауіпсіз жол” республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жол жүру ережелерін өрескел бұзуға ерекше назар аударылады.

Іс-шара басталғаннан бері жол жүру ережелерінің 1570 бұзушылығының жолын кесті, оның ішінде: жылдамдықты асырғаны үшін – 702; жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігін өту ережелерін бұзғаны үшін – 144; жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін – 54; жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін – 39; бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өткені үшін – 27; апаттық жағдай жасағаны үшін 16 бұзушылық анықталды; мас күйінде көлікті жүргізгені үшін 21 жүргізуші жазаланды. Түрлі бұзушылықтар үшін 48 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

– Мысалы, Баянауыл ауданының Қалқаман – Керней автожолында ВАЗ көлігінің жүргізушісі ұсталды, куәландыруға сәйкес ол ауыр дәрежедегі мас күйінде және психотроптық заттардың әсерімен болған. Осы жолда мас күйінде мотоцикл жүргізген жүргізуші тоқтатылды. Осы бұзушылықтар үшін жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.

Ертіс ауданында да осындай бұзушылықтардың алдын алынды, Солоник мотоцикл жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген, Ақсу қаласында ВАЗ-2106 автокөлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйінде рөлге отырды, Павлодарда Ткачев көшесінде Toyota Camry автожүргізушісі де мас күйінде болды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, енді олардың тәртібі сотта қаралады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция аймақ тұрғындарының назарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздікті ескеруге, сондай-ақ заңды талаптарды сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру