Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер мас жүргізушіні қолға түсірді

Павлодарда полицейлер мас жүргізушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция күн сайын шамамен 500-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кеседі. Өткен тәулікте облыс орталығында алкогольдік мас күйінде көлік басқарған жүргізуші тоқтатылды. Құқық бұзушылық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық рейд барысында анықталды.

Полицейлердің анықтауынша, ер адам достарының үйінде қонақта болып, спирттік ішімдік ішкеннен кейін өз бетінше көлік тізгініне отырған. Жол үстінде оның жүргізу мәнері патрульдік полиция қызметкерлерінің күдігін туғызып, сол себепті көлік тоқтатылды. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын растады.

– Құқық бұзушыға қатысты материал толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады Павлодар қаласының полиция басқармасының өкілдері.

Полиция алкогольдік мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру