Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысты

Павлодарда полицейлер "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Баланы жаңа оқу жылына дайындау – ата-аналар үшін үлкен жауапкершілік пен қаржылық шығынды қажет ететін іс. Әсіресе бірнеше баласы бар немесе қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін бұл оңайға соқпайды.

Успен аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жаңа оқу жылы қарсаңында "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысуды дәстүрге айналдырған. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке дайындалуға қолдау көрсету.

Акция аясында тәртіп сақшылары алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Полицейлер балаларға спорттық форма, аяқ киім және мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып берді. Сондай-ақ олар бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында табыс, жаңа бастамаларда сәттілік, білім жолында қажыр-қайрат тіледі.

Балалардың ата-аналары полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, көрсетілген көмек мектепке дайындықты айтарлықтай жеңілдеткенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру