Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер мен Ардагерлер кеңесі Алексей Шаровты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімі мен Ардагерлер кеңесі ІІО ардагері Алексей Шаровты 70 жас мерейтойымен құттықтады. Мерекелік шарада оның қызмет жолы мен ел алдындағы еңбегі ерекше атап өтіліп, құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алексей Шаровтың еңбек жолы1954 жылы Железин ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Алексей Шаров 1975-1977 жылдары Алматы орта-арнайы милиция мектебінде оқып, Павлодар қаласындағы Ильичев АІІБ-да қызметін бастаған. Қатардағы милиционерден қылмыстық іздестірудің аға инспекторына дейін көтерілген ол кейін Индустриалды АІІБ-2 қалалық милиция бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 1996 жылы подполковник атағымен зейнетке шыққан. Қызмет барысында ол ІІМ-нің 2 және 3-дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен, сондай-ақ облыстық марапаттармен ерекшеленген.

Солтүстік ПБ бастығы Нұрғали Омарбеков мерейтой иесін ішкі істер органдарындағы 20 жылдан астам адал қызметі үшін алғыс айтып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және бақыт тіледі. Шаровқа полиция басқармасы бастығы М.Оңғарбаевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Азат Сейілханов Алексей Шаровтың қазіргі уақытта да белсенділігін жоғалтпағанын, жас полицейлерді тәрбиелеуде үлгі болатынын атап өтті. Ардагерге құрмет ретінде шапан жабылып, оның ерен еңбегі үшін алғыс білдірілді.

Мерейтой иесі Алексей Шаров ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру