Павлодарда полицейлер мен ҚР ІІМ және МКҚБ оқу орталығының тыңдаушылары арасында самбодан жарыс өтті
Павлодарда полицейлер мен ҚР ІІМ және МКҚБ оқу орталығының тыңдаушылары арасында самбодан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Самбо-жекпе-жек өнері саласындағы әлемдік мәдениеттің үздік жетістіктерін, қазіргі жағдайда әскери және құқық қорғау қызметіне дайындықтың ең тиімді түрін біріктіретін көптеген ұлттық күрес түрлерінің синтезі.
Жарысты аша отырып, Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов мұндай жарыстарды өткізу – полицейлердің спорттық шеберлігі мен дағдыларын көрсету мүмкіндігі екенін атап өтті. Ол барлық қатысушыларға сәттілік пен адал күрес тіледі.
Белсенді жанкүйерлер бір мақсатқа – жеңіске жетуге және ең жақсы болуға ұмтылған спортшыларды қызу қолдады. Барлығы 13 команда қатысты. Төрешілердің пікірінше, самбошылардың дайындық деңгейі жоғары болды.
Табанды күрес нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Екібастұз қалалық ПБ қызметкері Айдархан Ахатов жеңімпаз атанды. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ІІМ оқу орталығы Әділжан Артықбаев 1-орынды иеленді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынды Арман Алдонғар (МКҚБ), 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шаризат Нұғарбеков (Павлодар қалалық ПБ) иеленді. 88 келіге дейінгі салмақта жарыстың алтыны Әділхан Жолдасовқа (Павлодар облысы ПД) бұйырды. 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қуаныш Бөкаев (МКҚБ) иеленді, 98 келіден жоғары салмақта Қанағат Кәкенов (Екібастұз қалалық ПБ) жеңімпаз атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Екібастұз қалалық ПБ командасы, екінші орынды МКҚБ командасы жеңіп алды және көшбасшылар үштігін – ІІМ оқу орталығының командасы жапты.
Жарыс соңында барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, грамоталар, медальдар мен кубоктар табыс етілді.