Павлодарда полицейлер нашақорлыққа қарсы спорттық турнир өткізді
Павлодарда полицейлер нашақорлыққа қарсы спорттық турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда еріктілер ұйымдарының арасында "SportDrive" футбол турнирі өтті. Іс-шара – Павлодар облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
– Бүгін біз бәсекелестік немесе марапат үшін емес, "Нашақорлыққа – жоқ!" деу үшін жиналдық. Бүгінгі жарыс – жай ғана спорттық сайыс емес, ол салауатты өмір салтының кепілі және өңірдегі нашақорлық мәселесіне қарсы тұрудың бір жолы. Біз өз тәртібіміз арқылы жастарға, оқушылар мен студенттерге шабыт бергіміз келеді, – деп атап өтті облыстық полиция ведомствосында.
Алаңда спортты, достықты және еріктілер рухын біріктірген белсенді де ұйымшыл командалар кездесті. Турнир достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға қуат, жағымды эмоциялар мен жаңа таныстықтар сыйлады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар Әбу Бәкір Сыддық медресе-колледжінің еріктілеріне, "ЗАбота" еріктілер клубы - Назарбаев Зияткерлік мектебіне және "Ақ-Жарқын" еріктілер тобына табысталды.
 
						
 
											