Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер ойын-сауық орындарын тексеріп жатыр

Павлодарда полицейлер ойын-сауық орындарын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша рейдтер өтуде. Полицейлер тыйым салынған заттарды сату мен тұтынудың алдын алу үшін қалалық клубтарда рейдтер жүргізеді.

– Тексеру барысында біз мекеме қызметкерлерімен және қонақтарымен әңгімелесеміз, үй-жайлар мен іргелес аумақтарды тексереміз. Демалыс күндері шулы мекемелер мен түнгі клубтардың жанында Мобильді полиция топтары кезекшілік етеді. Олар заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін шаралар қабылдайды, сонымен қатар адамдар демалатын жерлерде тыйым салынған заттардың таралуын тоқтатады. Полицейлер қылмысты болдырмау үшін мекеме иелерімен әңгімелеседі. Мұндай рейдтер тұрақты болады. Олардың мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полициясының бастығы Нұрлан Қарағожинов.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың міндеті екенін, құқық қорғау органдары мен қоғамның бірлескен іс-қимылдары қауіпсіздікті арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру