Павлодарда полицейлер оқушыларға профилактикалық әңгімелер өткізді
Павлодарда полицейлер оқушыларға профилактикалық әңгімелер өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жасөспірім" ЖПШ аясында Павлодар облысының полицейлері қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сыныптарында профилактикалық әңгімелер өткізеді.
Кездесу аясында тәртіп сақшылары оқушыларға қылмыс немесе құқық бұзушылық жасағаны үшін жасөспірімдерге қолданылатын жазалау шаралары туралы айтып берді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қорқыту, бопсалау, нашақорлық және олардың қайғылы салдарына ерекше назар аударды. Оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, көшедегі қауіпсіздік және демалыс ережелері және интернеттегі тәртіп ережелері түсіндірілді, бұл қиындықтардан аулақ болуға және қылмыскерлер мен алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.
Сондай-ақ оқушылардың назарын кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына аударды, жасөспірімдерді жолда мұқият болуға шақырды.
- Диалог шынайы болды, біз сұрақтар қойдық, инспекторлар жауап беріп, мысалдар келтірді. Бізге өте қызықты болды. Сонымен қатар біз құқықтық білімнің жаңа қорын алдық, - деп оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.