Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер өзен жағалауында қауіпсіздік рейдін өткізді

Павлодарда полицейлер мен серіктестер өзен жағалауында қауіпсіздік рейдін өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданында полиция қызметкерлері nөтенше жағдайлар бөлімі, білім беру басқармасы және жастар бастамалары орталығының өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікке арналған кешенді рейд ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – жаз мезгілінде су айдындары маңында көп жиналатын тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Мобильді топ ыстық күндері Ертіс өзенінің жағасына келіп демалатын тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратты.

Судағы тәртіптің негізгі ережелері:
- Тек жабдықталған жағажайларда шомылыңыз. Құтқарушылар кезекшілік ететін осындай орындарда ғана шомылу ұсынылады;
- Қалтқылардан әрі жүзіп кетпеңіз — бұл шекаралар қауіпсіздік үшін қойылған;
- Мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады. Бұл үшін заңмен әкімшілік жаза қарастырылған – айыппұл немесе қамауға алу;
- Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
- Суда итерісу, ұстасу секілді ойындардан сақ болыңыз – бұл қауіпті;
- Қоқыс қалдырмаңыз, табиғатты қорғаңыз;
- Су қоймалары маңында көлік жууға, ағаш кесуге, от жағуға тыйым салынады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметін жұмылдырды. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау және тыйым салынған әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру