Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Павлодарда полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында өткізілген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1 556-дан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Іс-шара нәтижесінде облыс аумағында 17 қылмыс ашылып, 4 қылмыскер анықталып, ұсталды. Мас күйінде көлік басқарған 15 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, олардың екеуі есірткілік масаң күйде болған. Сонымен қатар 18 азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 136 адам қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін, ал 386 тұлға көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, екі жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін қауіпті жағдай туындатқан. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесінде Lada автокөлігі, ал Елгина көшесінде Chevrolet автокөлігі оқтатылды. Аталған жүргізушілер заң талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру