Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер түнгі уақыттта қыдырған жасөспірімдердің ата-аналарымен әңгімелесті

Павлодарда полицейлер түнгі уақыттта қыдырған жасөспірімдердің ата-аналарымен әңгімелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы кезеңде полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуын анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Полиция ең алдымен жастардың көп жиналатын жерлерін, ойын-сауық орындарын, саябақтарды, аулалар мен кіреберістерді айналып өтеді.

Кәмелетке толмағандармен көшеде сағат 23.00-ден кейін және мекемелерде 22.00-ден кейін қыдырған жасөспірімдермен белгілі бір жұмыс жүргізіледі, олар полиция бөлімдеріне жеткізіліп, ата-аналары шақырылады.

Мысалы сағат 01:06-да Ақсу қаласының Астана көшесіндегі үйдің ауласында кәмелетке толмаған бала түнде серуендеп жүрген. 17 жасар қызын полициядан алып кетуге ата-анасы келді, оған профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін әкімшілік хаттама жасалды.

– Осындай фактілер қалалық саябақта да орын алды, онда полицейлер төрт жасөспірімнен құралған топты тоқтатты. Олардың айтуынша, олар жай ғана «қыдырған», – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 1443 заңды өкіл жазаланды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 55 мекеме иесі жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру