Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер тұрғындарға малды қараусыз жібермеу туралы ескертті

Павлодарда полицейлер 18 мыңнан астам малды айыптұраққа қамады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал иелерінің немқұрайдылығынан туындайтын қараусыз жайылу мәселесі жыл бойы өзекті болып отыр. Көп жағдайда бұл қайғылы жағдайларға әкеліп соғады – мал жиі жол-көлік оқиғаларына себепші болып, қаскөйлердің қылмыстық әрекеттерінің нысанына айналады.

- Мәселен, Ақсу қаласының полиция бөліміне Павлодар – Қызылорда автожолының 72-шақырымында жеті бас ірі қара малдың жол бойында жүргені туралы хабарлама түскен. Мал жол жиегінде жайылып жүріп, кейін жолдың жүріс бөлігіне шыққан. Жануарлар арнайы айыптұраққа қамалды. Мал иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Айта кетейік, биылғы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 2113 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18 мыңнан астам мал айыптұраққа қамалған.

Павлодар облысының аолиция департаменті ауа райының күрт өзгеруіне байланысты мал иелеріне мал ұрлығының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдауды, қараусыз малдың автожолдарда жүруіне жол бермеуді және малды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру