Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер үлгілі жүргізушілерді марапаттады

Павлодарда полицейлер үлгілі жүргізушілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы" және "Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" акциясы аясында Павлодар полицейлері С. Торайғыров атындағы №28 мектеп оқушыларымен бірлесіп, бір жыл бойы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілерді марапаттады.

Полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, жүргізуші куәліктерін және оларды алған сәттен бастап құқықбұзушылық тарихын тексерді. Мінсіз жүргізу мәдениетінің иелерінің бірі – 42 жылдық еңбек өтілі бар, жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзбаған Оразбай Тұяқбаев болды.

– Бүгін біз "Үлгілі жүргізуші – баршаға үлгі" акциясын өткізіп жатырмыз. Оның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін және жауапты жүргізуді насихаттау. Біз күн сайын жол қозғалысы ережелеріне, жаяу жүргіншілерге және басқа жол қозғалысына қатысушыларға құрмет көрсететін жүргізушілерді атап өткіміз келеді. "Үлгілі жүргізуші" – бұл жай ғана акция емес, бұл өз мінез-құлқымен шынайы үлгі көрсететін адамдарға көрсетілген құрмет. Осындай акцияларды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіп, қауіпсіз қозғалысты насихаттап, жүргізу мәдениетін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Ракишев.

Заңға бағынатын жүргізушілерге құқық қорғау қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау жөніндегі түсіндірме кітапшалар мен әр жүргізушіге қажет сыйлықтар табыс етті.

– Күтпеген әрі жағымды тосын сый. Автокөлік жүргізушілеріне қажет сыйлықтар үшін алғыс айтамын. Барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға, заңды сақтауға шақырамын. Себебі ережелерді сақтау – тәртіп пен өмір қауіпсіздігінің кепілі, – деді 18 жылдық жүргізушілік өтілі бар Арыстан Жекенов.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, қолайсыз ауа райында ерекше сақ болуға және кішкентай жаяу жүргіншілерді ұмытпауға шақырды.

"Заң мен тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полицейлер оң мотивация мен үлгілі жүргізушілердің жақсы үлгісі қатаң бақылаумен қатар өңір жолдарының қауіпсіз болуына ықпал етеді деп сенеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру