Павлодарда полицейлер "Жасөспірім" ЖПІШ өткізу барысында 20-дан астам құқық бұзушылықтың алдын алды
Павлодарда полицейлер "Жасөспірім" ЖПІШ өткізу барысында 20-дан астам құқық бұзушылықтың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция қызметкерлері "Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында балалардың тәрбиесі мен оқуына қатысты 14 ата-ана мен заңды өкіл тарапынан жасалған бұзушылықтарды анықтап, 20-дан астам құқық бұзушылықтың алдын алды.
Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта ата-аналарының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған алты кәмелетке толмаған бала ұсталды. Мысалы Павлодар қаласында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 23:00 сағаттан кейін көшеде болған кәмелетке толмаған баланың анасы жауапқа тартылды. Ақсуда ішімдік ішетін отбасы анықталды. Тексеру барысында анасы мас күйінде болған, ал үйдің жағдайы антисанитариялық болды, бөлмелерде алкоголь мен темекінің иісі сезілді. Осыған байланысты ата-ана жауапқа тартылып, отбасы профилактикалық есепке алынды.
Павлодар облысының полиция департаменті "Жасөспірім" ЖПШ-ның 6 мамырға дейін жалғасатынын хабарлап, ата-аналар мен заңды өкілдерді өз балаларының уақытын қадағалап, олардың әлеуметтік желілердегі қарым-қатынасын бақылауға, сондай-ақ оларға қызығушылық танытуға шақырды.