Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы аясында оқушыларға дәріс ұйымдастырды

Павлодарда полицейлер мектеп оқушыларына "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" дәрісін өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде полиция қызметкерлері "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы аясында оқушыларға дәріс ұйымдастырды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге отбасылық құндылықтарды қастерлеудің маңызын түсіндіріп, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар балаларға өз құқықтары мен заңсыз әрекеттерден қорғану тетіктері туралы ақпарат берілді.

— Әрбір отбасының берекесі – өзара сыйластық пен түсіністікте. Зорлық-зомбылық ешқашан мәселенің шешімі бола алмайды. Біз сіздерге қиындық туған жағдайда полицияға немесе сенім телефондарына жүгінуден қорықпауды айтқымыз келеді, – деді дәріс барысында полиция өкілі.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақ арасында бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру