Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлердің адамды құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері тұрғынды өрттен құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәулік бойы халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің әр күні түрлі оқиғаларға толы. Бұл жолы да олардың батыл әрекеті бір адамның өмірін сақтап қалды.

– 4 қараша күні сағат 09:09-да Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Кривенко көшесіндегі №79 үйден өрт шыққаны туралы шұғыл хабар алды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция аға лейтенанттары Ерлан Бижанов пен Нұрсұлтан Каушев жолда өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдемді де шақыртуды ұмытқан жоқ, – деп атап өтті Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

Үйге жақындай бере, полицейлер түтіннің өткір иісін сезіп, есік қағып көргенімен, іштен ешкім жауап қатпады. Сол сәтте терезені сындыру туралы шешім қабылданды. Ішке кірген бойда, қызмет инспекторы Нұрсұлтан Каушев түтінге тұншығып, есеңгіреп қалған ер адамды тауып алды. Жәбірленуші есік қағылғанын естігенін ғана есіне алып, одан арғысын түсіне алмағанын жеткізді.

Полицейлер бір секундқа да уақыт жоғалтпай, ер адамды таза ауаға алып шықты. Көп ұзамай өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері де келіп жетті. Олардың үйлесімді және шапшаң әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта ауыздықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру