Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлерге семинар сабақ өткізілді

Павлодарда полицейлерге семинар сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодардағы Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының базасында учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар және облыстық полиция ведомствосының кадр қызметінің қызметкерлері үшін семинар-сабақ өткізілді.

Семинарда көптеген аспектілер қозғалды, соның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі, суицидтік және девиантты мінез-құлық бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі. Аталған мәселелерден басқа, лудомания, банк карталарын пайдаланып қылмыс жасау мәселелері талқыланды.

– Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеудің жаңа әдістері, олардың қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу талқыланды. Полиция қызметкерлеріне өңірдің барлық оқу орындарында құқықтық тақырыпта дәрістер өткізу бойынша тапсырмалар мен нұсқаулықтар берілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

– Мұндай сабақтар біз үшін өте өзекті және қажет. Өйткені, жаңа білім алу әрқашан біздің жұмысымызға жақсы әсер етеді, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру