Павлодарда полицелер жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 216 фактісін анықтады
Павлодарда полицелер жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 216 фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсақ бұзақылық — қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Әкімшілік заңнаманың бұл бабы әртүрлі заңсыз әрекеттердің кең спектрін қамтиды, олар қоғамды құрметтемеу мен тәртіпсіздікті білдіреді.
Мысалы Павлодар қаласында сапаржай маңындағы алаңда жедел басқару орталығының камералары темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастаған адамды тіркеді. Тәртіп бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін полицейлер айыппұл салып, әкімшілік материал толтырды.
Әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғам алдында жауапкершілігін сезінуі керек, тіпті ең кішігірім құқық бұзушылықтар да қоғамға зиян келтіреді. Бұл "нөлдік төзімділік" қағидаты мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.
"Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз "Таза Қазақстан" акциясын белсенді қолдап, дені сау, заңға бағынатын және қағидатты ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз.