Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция 30-дан астам скутер мен мотоцикл жүргізушілеріне айыппұл салды

Павлодарда полиция 30-дан астам скутер мен мотоцикл жүргізушілеріне айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы кезеңнің басталуымен скутерлер, мопедтер және электр скутерлері сияқты көлік түрлері халық арасында қең қолданыста. Полицейлер жүргізушілермен екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізіп жатыр.

– Қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда. Апаттылықтың алдын алу мақсатында біз мотоциклдің қатысуымен ЖКО жиі болатын облыс орталығының көшелерін патрульдейміз. Шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізілді. Демалыс күндері ғана 30 скутер жүргізушісі жауапқа тартылды, барлық көлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Айта кету керек, жыл басынан бері 150 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. Айып тұрағына 100 скутер қойылды. 

Павлодар полициясы осы қозғалыс құралдарын пайдаланушыларға көлік жүргізудің қауіптілігі туралы және жолда жүру ережелерін сақтау керектігін еске салады.

Естеріңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді!

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру