Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция бір күннің ішінде 30 құқық бұзушылықты анықтады

Павлодарда "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында құқық қорғау органдары "Есептегі тұлға"  жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – полиция есебінде тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері 1354 адамның тұрғылықты жерін тексерді. Олардың қатарында: 61 адам – әкімшілік қадағалауда тұрғандар; 213 адам – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар; 318 адам – ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын тұлғалар бар.

Тек бір күннің ішінде полицейлер 30 құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 5 адам әкімшілік қадағалау ережелерін бұзғаны үшін, 2 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босату талаптарын орындамағаны үшін, ал 1 азамат әкімшілік қадағалау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Мысалы Павлодар қаласында полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізу барысында бір азаматтың алкогольді масаң күйде екенін анықтады. Ол сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған. Осыған байланысты ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары қорғау нұсқамасын бұзған азаматты анықтады. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасының облыс аумағында 10-23 ақпан аралығында өтетінін еске салады.

Құқық қорғау органдары "Заң және тәртіп» қағидатын қатаң ұстанады. Әрбір құқық бұзушы өз әрекеті үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру