Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда Полиция күніне орай концерт ұйымдастырылды

Ertis Promenade сахнасында қазақстандық полиция күніне орай ауқымды шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстарды ашумен ғана шектелмей, өнерге де жақын екенін көрсетті. Қызметкерлер өздерінің вокалдық қабілеттерін сахнада паш етіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Концерт бағдарламасына жұртшылыққа кеңінен таныс музыкалық туындылар енгізілді. Полицейлер ән шырқағанда, көрермендер де оларға қосылып, бірге ән айтып отырды. Әрбір өнер көрсету шапалақ пен қошеметке ұласып, шынайы эмоция мен қуанышқа толы кешке айналды. Көрермендер ән мен музыкаға деген махаббат пен жылылықты жүректеріне сіңіріп, тамаша көңіл күймен тарқасты.

— Тәртіп сақшыларына ерекше концерт үшін алғысымды білдіремін және оларды Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл кеш шынайы эмоция мен керемет атмосфераға толы, ұмытылмас сәт болды, — деп әсерімен бөлісті қала тұрғыны Ольга Кравченко.

Көтеріңкі көңіл-күй, көрермендердің жарқыраған жанары мен жүздеріндегі күлкі — осы кештің ұйымдастырушылары үшін ең үлкен марапат болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру