Павлодарда полиция мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Павлодарда полиция мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру мекемелерінің дайындығын тексерді. Ерекше назар оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігіне аударылды.
- Полицейлер бейнебақылау жүйелерін, дабыл тетіктерінің жұмысын, сондай-ақ кіріп-шығу тәртібін ұйымдастыруды қарады. Мектептерде бет-әлпетті тану функциясы бар турникеттер орнатылған, бұл қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді,- деп хабарлады Адлет Мергазин, Павлолар қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің бастығы.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар балалар мен мектеп қызметкерлері үшін барынша қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Жүргізілетін тұрақты тексерістер оқу процесі басталғанға дейін кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жоюға көмектеседі.
Тексеру нәтижесінде білім беру мекемелеріне қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.