Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция мен тұрғындар бірге таңғы жаттығу жасады

Павлодар облысы полиция департаментінің полиция және арнайы бөлімше қызметкерлері қала тұрғындары мен жас спортшыларға арнап таңғы спорттық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүрге айналған "Спорт күні" орталық жағалауда басталды. Мұнда жиналғандар белсенді өмір салтын ұстанатынын және спортты құрметтейтінін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және полиция қызметкерлері арасында патриотизмді арттыру.

— Полиция қызметкерлері үшін дене шынықтыру — тек кәсіби қажеттілік емес, сонымен қатар халыққа үлгі боларлық өмір салты. Өзінің жеке мысалымен тәртіп сақшылары жастарды белсенді болуға, спортпен айналысуға және жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. "Спорт күні" — қауіпсіздік пен денсаулықтың қатар жүретінін еске салатын ерекше мүмкіндік. Бүгін бізбен бірге арнайы бөлімше жауынгерлері, полицейлер, балалар мен ата-аналар, жас спортшылар және қала тұрғындары жиналып, бәріміз бірге таңғы жаттығу жасадық, — деді Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Ходацкий.

— Мұндай шаралар тарих пен спорттық дәстүрлерге құрметті арттырады. Спорт адамның физикалық дайындығын нығайтып қана қоймай, мінез бен ерік-жігерді тәрбиелейді. Таңғы сүйікті әуенмен жасалған қарапайым жаттығудың өзі күні бойына қуат сыйлайды. Спорт — адамның өміріндегі қажетті белсенділікті қамтамасыз ететін ажырамас бөлік, — деді таңғы жаттығуға қатысқан кішкентай Богданның анасы.

Ведомство өкілдері атап өткендей, қауіпсіздік пен денсаулық — әрқашан қатар жүреді.

— Біз үшін дене шынықтыру мен спорт — сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйдің, мықты иммунитет пен түрлі аурулардан қорғанудың кепілі. Спорт жылдамдықты, қимыл үйлесімділігін, зейінділікті дамытады, ал жетістікке жету қуанышын сезіндіреді. ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірге жаттығу жасап, күні бойына сергектік алдық, — деді Павлодар облысы қоян-қолтық ұрыс федерациясының тәрбиеленушілері.

Ведомство өкілдері атап өткендей, қауіпсіздік пен денсаулық — әрқашан қатар жүреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру