Павлодарда полиция оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Каткенов №14 мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында полиция өкілі жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған буллинг пен интернет-алаяқтық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар ол интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, құрдастарға құрметпен қарау және кез келген зорлық-зомбылық әрекеттеріне жол бермеу қажеттілігіне ерекше тоқталды. Берік Каткенов жасөспірімдерге мұндай жағдайларға бейжай қарамаудың, қауіпті белгілерді дер кезінде байқап, көмекке жүгінудің маңызын түсіндірді.
Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың жауапкершілік сезімін арттыруға, құқықтық сауаттылығын дамытуға және қауіпсіз өмір салтын ұстануға ықпал етеді.